Тоқаев Астанадағы қаржы оталығы жанынан ШЫҰ кеңсесін ашуды ұсынды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Халықаралық қаржы орталығы базасында ШЫҰ кеңсесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының пікірінше, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру аса маңызды. Осыған байланысты Қазақстан ШЫҰ-ның еркін және әділ халықаралық сауданы дамытуға бағытталған іс-қимылын қолдайды, санкциялық қысым құралдарын қолдануға қарсы.
«ШЫҰ құрылғаннан бері біздің елдердің әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі екі есеге артып, 30 пайызға жетті. Ішкі аймақтық сауда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр, оның көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 650 миллиард доллардан асты. Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы да тұрақты түрде өсіп келеді, өткен жылы оның көлемі 70 миллиард долларға жақындады», - деді Тоқаев.
Сонымен қатар ол Қазақстан Қытайдың ШЫҰ Даму банкін құру туралы бастамасын қолдайтынын және осы перспективалы жобаны іске асыруға қатысуға дайын екенін де атап өтті.
«Бұдан басқа, Астана халықаралық қаржы орталығы базасында ШЫҰ-ның перспективалы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және заңды, консалтингтік және қаржылық компаниялар қызметін шоғырландыру жөніндегі офисін құруды ұсынамыз», - деп ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, 30 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қытайдың Тяньцзинь қаласына ұшып келген болатын.
Сол күні ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді. Көшбасшылар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды.
Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиырма құжатқа қол қойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық