Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы басшысын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ренат Бектұров орталықтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарын таныстырды.
«Бүгінде Қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Бұл 2025 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен асады. АХҚО құрылған сәттен бастап оның қатысушылары бюджетке 115 миллиард теңге салық төледі. Оның 29,8 миллиард теңгесі осы жылдың бірінші жартыжылдығында түскен. Қаржы орталығына қатысушылар санының артуы мен компаниялар қызметінің жандануы салық түсімдерінің ұлғаюына негізгі себеп болып отыр. 2024 жылдың алғашқы алты айында Орталыққа 500-ден астам компания қосылды. Бұл қатысушылардың жалпы санын 3 мыңға дейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай ықпал етті. Биылғы екінші тоқсанның соңындағы есеп бойынша АХҚО юрисдикциясындағы компаниялар 7600-ден астам жұмыс орнын ашты.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының бизнес-қоғамдастықты қолдауға бағытталған шаралары өтті. Маусым айында AIFC Community бастамасы аясында алғашқы іс-шара өтті», - деп есеп берді Ренат Бектұров.
Президент Қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, ел экономикасына инвестиция тарту үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, барлық мемлекеттік орган мен қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық