Тоқаев антикор басшысы Асхат Жұмағалиді қабылдады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиді қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Антикор басшысы Асхат Жұмағали еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы президентке есеп берді.
Асхат Жұмағалидың айтуынша, 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 90 миллиард теңге сомасында мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған. Осы қайтарылған қаржыдан білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 153,3 миллиард теңге аударылды. Оның ішінде тағы 50-ден астам мектеп ашылып, алдағы уақытта тағы 30 білім ошағын салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, мұғалімдердің еңбекақы төлеу қорынан миллиардтаған доллар ұрлауға ықпал еткен сыбайлас жемқорлық факторларын жою бойынша шаралар қабылдануда. Бюджет процестерін автоматтандыруға, қазынашылық жүйесін білім беру ұйымдарының есеп жүйелерімен интеграциялауға, сондай-ақ, төлем құжаттарына қол қоюда биометрия енгізуге бағытталған цифрлық шешімдер енгізілгендігін баяндады.
Кездесу барысында Тоқаев антикор басшысына еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық