Тоқаев Алматыда Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді» деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне сапары үшін алғысын білдіріп, мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.
«Бұл біздің бауырлас, достас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында іскерлік ахуалда пікір алмасудың тамаша мүмкіндігі. Біз одақтасымыз және елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастың қалай қалыптасатыны Орталық Азиядағы жағдай да байланысты», - деді Қазақстан Президенті.
Тоқаев Мирзиёевтің бауырлас халықтарды жақындастыру ісіне және өңірдің орнықты және қауіпсіз дамуын қамтамасыз етудің ортақ мақсаттарын ілгерілетуге қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.
Өзбекстан Президенті екіжақты байланыстарды нығайту үшін бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтті.
«Мен дәл Алматыда екеуміз қалағандай достық қарым-қатынаста қарсы алып отырғандарыңызға өте ризамын. Мен өз атымнан, халық атынан бұл үшін сіздерге өте ризамын. Шын мәнінде біздің қарым-қатынасымыз соңғы жылдары мүлдем өзгерді. Біз - одақтаспыз. Біздің жеке қарым-қатынасымыздың арқасында көптеген мәселелер шешілуде және біз келісіп отырған нәрсенің бәрінде нақты нәтижелер бар. Мен Сізді Қазақстанның жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын. Экономика дамып келеді, жетістіктер жақсы. Бірінші тоқсан 5,4% өсіммен аяқталды. Осындай бейресми кездесулердің әрқайсысы біздің қарым-қатынастарымызға, барлық келісімдерімізге үлкен серпін береді», - деп мәлімдеді Мирзиеев.
Олар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, энергетикалық және су салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен туризмдегі өзара іс-қимыл перспективаларын жан-жақты талқылады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жеке қаралды.
«Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету бағытын берік ұстанатынын атап өтті», деп толықтырды Ақорда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық