Тоқаев айтқан «бұзық әйелдердің» саны бетімен кеткен ер азаматтардан бірнеше есе аз
Фото: dzen.ru
8 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында ел абыройын нұқсан келтіретін бұзақылар туралы сөз қозғап, әйелдерге айрықша тоқталды. Бірақ Тоқаевтың сөзі көптің көңілінен шықпады. Buzyq Telegram-арнасында әйелдерге қарағанда ер азаматтардың жанжалға бейім екенін көрсететін статистика пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы жолдауында айқай-шу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдерді тілге тиек етті.
«Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға жараспайтын қылық, еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіретін құбылыс», – деді Тоқаев.
Buzyq Telegram-арнасы құқықтық статистика комитетінен 2025 жылдың қаңтар-шілде айлардағы құқықбұзушылардың мәліметін алған екен.
Статистика бойынша:
- Ұсақ бұзақылық жасаған әйелдер саны 1832 болса, ер азаматтар — 8366 адам;
- Тыныштықты бұзған әйелдер — 12 322, ал ерлер — 56 928;
- 14 410 әйел қоғамдық орында масаң күйде жүрсе, 108 906 азамат әйелдерді ішімдік ішуден басып озған;
Ал полиция талабына бағынбаған әйелдер — 187 болса, ер азаматтар саны — 2014.
«Сөйтсек, әдепсіз әйелдер ел бойынша аса көп емес екен. Ер адамдарға қарағанда, арулар қоғамдық тәртіпті 5 есе аз бұзады. Ішіп, жұрт алдында қуатындарының саны 7 есе аз. Ал полициямен ерегісіп, тіресіп қалатындары тіпті 10 есе аз», — деп жазылған Buzyq Telegram-арнасында.
Ақорда Тоқаевтың әйелдер туралы сөзін түсіндірді. Баспасөз қызметі президенттің сөзін көпшілік ескерту ретінде қабылдағанын, алайда оның мәні – мәдениет дағдарысына назар аудару екенін атап өтті.
«Бұл ескерту емес, жынысына, жасына және шыққан тегіне қарамастан барлығымызды қоғамға құрметті қарым-қатынас мәдениетін қайтаруға шақыру. Дөрекілік пен агрессиядан бас тарту қажет. Жолдарда, кезектерде, вокзалдарда және ұшақтарда, басқа да жерлерде біз жиі куә болатын бір-біріне құрметсіздік жағдайлары біздің менталитетіміздің бөлігіне айналмауы тиіс. Сондықтан айтылған сөздің түпкі мәні – этика қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, такт пен өзара сыйластықты көрсету. Бұл міндет ешбір жағдайда тек әйелдердің иығына артылмайды. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін, 10 қыркүйек күні Ардақ Назаров Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық