Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
Фото: РБК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді.
Артур Ластаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді. Оның айтуынша, былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп.
Сонымен қатар мемлекет басшысына Ұлттық превентивті механизм жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан аса ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалды.
Бұдан бөлек, адам құқықтары жөніндегі уәкіл президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық