Тойда қалыңдыққа қол көтерді: мемлекеттік отбасы комитеті мән жайды түсіндірді

cover скриншот

Өзбекстанның отбасы және әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі үйлену тойда орын алған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бұған дейін желіде ойыннан жеңілген күйеу баланың қалыңдықты басынан ұрғаны көрсетілген ақпарат тараған.

Gazeta.uz. басылымына комитет оқиға 6 маусымда Р.Х.-ның үйлену тойында болғанын хабарлаған.

Шара күйеу жігіттің үйінде өткен. Жас жұбайлардың достары оларға жылдамдықпен ашылуы керек тәттілермен «тосын жарыс» дайындаған. Жарыста қалыңдық жеңіске жеткен. Оған ашуланған күйеу жігіт оның басынан ұрып жіберген.

Аудандық ішкі істер бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап, қалыңдық пен күйеу жігітпен және олардың ата-аналарымен «профилактикалық әңгіме» жүргізді.

«Азамат Р.Х.-ның әрекеті қылмыс құрамының бар-жоғына байланысты құжатталып, жинақталған құжаттар қылмыстық істер жөніндегі Ұзын аудандық сотына жолданды» деп атап өтті комитетте.

Ер адамға қатысты Әкімшілік жауапкершілік кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол енді 3-5 АЕК дейін айыппұл төлейді не 15 күнге қамауға алынады.

Еске салсақ, Өзбекстандағы тойлардың бірінде күйеу жігіт қалыңдықты басынан ұрған видеосы желіде резонанс тудырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар