Төрт түлігімізге көрсетілмеген қолдау шошқа шаруашылығына берілмек- Алмасбек Садырбаев
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы президенттің бірқатар тапсырмасын орындамай жүр. Бұл туралы «Шопан ата» Ұлттық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Садырбаев айтты.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрінің қазақ шаруасына жаны ашымайды.
- Өткен жолғыдан кейін министрді офлайн өмірде екінші рет көріп тұрмыз. Көре алмаймыз, тіпті жиналыстарға да қатыспайды. Вице-министрлермен әлек боламыз. Бірақ ол кісілер ештеңе шеше алмайды. Сонымен барлығы ұзын құйымшақ болып қалады…
Былтыр Маңғыстауда жұт болғанда Ербол Шырақпайұлының айы оңынан, жұлдызы соңынан туды. Өйткені, жем-шөп мәселесі бойынша алдындағы министрді шешуге жіберді. Ең бірінші тапсырмасы сол болды. Мәселе шешілген жоқ. Президенттің бірінші тапсырмасы шешілген жоқ. Бүгінгі күнде сол Маңғыстау жем-шөпті өз күштерімен Солтүстіктен тартып отыр. Қызылордада бұл мәселе өзекті,- деді Алмасбек Садырбаев.
Сондай-ақ, ол ветеринария саласындағы өзекті мәселені де қозғап өтті.
- Ветеринария саласына күрделі реформа жасалмады. Ветеринария мәселесі шешілмеді. Ветеринарлардың айлығын болар-болмасқа, алдамшы пайызға өсірді де, бітті. Реформа ол емес. Сізге президент ветеринарлардың айлығын өсір деп қана берген жоқ, реформа жаса деп тапсырма берді. Реформа дегеніміз - бүкіл бағытты өзгерту, мемлекеттік ветеринариядан кәсіби ветеринарияға ауысу, жеке-меншік ветеринарияны қосу, жеке-меншік лабораторияларды қосу. Сіз президенттің екінші тапсырмасын да орындамадыңыз, - деді Садырбаев.
Одан бөлек, президенттің келесі тапсырмалары орындалмағаны туралы да айта кетті. Атап өтсек, жеке қосалқы шаруашылық туралы заң қабылданбады. Ішкі өңдеуді 25%-ға арттыру туралы тапсырма да орындалмаған. Субцидиялау мәселелері де шаш етектен.
- Ең сорақасы - Ербол Шырақпайұлы төрт түлігімізге көрсетілмеген қолдауды, 80% субсидия түрінде шошқа шаруашылығына беруге дайын екеніне көзіміз жетті. Қазақ шаруашылығына жаны ашымаған жерде осындай проблемалар шыға береді.
Президенттің тапсырмасын орындамайтын, халықтың мүддесін алға салмайтын, 60 000 адам қол қойған құжатты елемейтін министр сізге керек пе? - деді агро-эксперт.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық