Төмен әңгімеге құмар халық екенімізді осы лифтіден ақ байқауға болады – Айгүл Орынбек
Заңгер Айгүл Орынбек Астанадағы жеделсатылардың бірінде сүйіскен екі ер адам туралы видеоға байланысты өз пікірін білдірді.
Бұл туралы заңгер өзінінің Facebook парақшасында жариялады.
«Етектен төмен әңгімеге құмар халық екеніміздің белгісін осы лифтіден ақ байқауға болады. Лифтідегі екі азамат, тайландтық немесе қазаққа ұқсас басқа ұлт болуы әбден мүмкін. Тура сайлаудың алдында бұндай видеоны шығару, халықтың ойын басқа арнаға бұру! Біз биліктің бұндай қитұрқы тәсілдеріне ермеуіміз керек!
Азаматтық қоғамның көзі ашық болса, билікке барғысы келетін арам пиғылды жемқорлардың іс әрекеті жүзеге аспайды! Бізге қазір сайлау маңызды болуы керек! Кешегі сайланған депутаттар кімдер?! Халық оларды қандай істерімен таниды? Біз қазір сайланған депутаттардың атқарған жұмыстарын талқылауымыз керек! Әр өңір өздерінен сайланған депутаттардың тіпті кім екенін білмейді!
Бүкіл халықтың тағдырын шешетін сенаторды талқылайық! Әлі олар Ант беріп, куәліктерін алған жоқ! Болашақ сенаторлар жайлы талқылауға толық құқығымыз бар!» делінген хабарламада.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде Астанадағы жеделсатыда сүйісіп тұрған екі ер адам видеоға түсіп қалды. Кейбір telegram-арналар видео кейіпкерлерін Энергетика министрлігінің қызметкерлері деп атады. Бірақ министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Таратылған видеодағы адамдар Энергетика министрлігінің қызметкерлері емес. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мән-жайды анықтау үшін департамент тиісті органдарға хабарласады» деп мәлімдеді ведомство.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық