Төлеутай Рахымбеков асырап алған қызын сотқа бермек
2019 жылы ҚР президенттігіне кандидат болған Төлеутай Рахымбековтің қызы әкесінің үстінен шағым білдіріп, Президенттен көмек сұрады.
Айбота Рахымбекова әлеуметтік желіде жазба жариялап, онда мемлекет басшысынан көмек сұрады.
- Құрметті Қазақ елі, Президент мырза және анамның туыстары! Осылай ақтарып салғаным үшін сіздерден кешірім сұраймын. Бірақ менің басқа амалым қалмады. Ішімдегі 8 айлық баламен, Төлеутай Рахымбеков мені далада қалдырды. Анам марқұмнан қалған бүкіл дүниенің (мұрагерлік үлесімді) барлығын мені алдап-арбап тартып алды. Маған көмектесіңіздер, ағайын, журналистер, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар және Президент мырза!, - деп жазды Ақбота Рахымбетова.
Malim.kz-тің Хабарлауынша, Ақбота Рахымбекова экс-кандидат Төлеутай Рахымбековтің туған қызы емес. Ол оның марқұм әйелінің баласы, сондай-ақ соңғы жеті жыл бойы туыстарымен тұрған.
- Нашақор мен маскүнемге сенуге бола ма? Ол 7 жыл бойы бізбен бірге тұрмады. 2015-2020 жылдар аралығында ем қабылдады. Бұның барлығын құжат жүзінде рәсімделген. Ол әр кезде тұтыну үшін ақша сұрайды. Мен оған сұрағанын бермедім. Енді не істеу керек? Есірткі мен алкогольге тәуелді болған адамның сөзіне сенуге бола ма? Ол мені сотқа берді. Алайда ол аудандық сотта жеңілді, - деді Төлеутай Рахымбеков.
Оның айтуынша, олардың ісін Астана қаласының Алматы аудандық соты қараған.
- Кезінде оны асырап алуға келісім бергенім ақымақтық болды. Менің Салтанат есімді өзіммен бірге тұратын жалғыз қызым бар. Мен осы жағдайдан кейін айыптау үшін оны сотқа беремін, - деп отыр экс-президенттікке үміткер.
Саясаткердің айтуынша, бұл істің артында Айботаның жақын туыстары тұр.
- Олар менен мұраға қалған мүліктің өзіме тиесілі бөлігінен бас тартуымды сұрап отыр. Бар мәселе осыда. Соттың барлық құжаттары менде бар. Құжат жүзінде бекітілгендіктен мен одан қорықпаймын. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының алдында маған қарсы топтың бары айтылды. Құдайға шүкір, адамдар мені және отбасым туралы біледі, - дейді Рахымбеков.
Еске салсақ, Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 2019 жылы Президенттікке сайлауға түсіп, 3,04 пайыз дауыс жинаған.
Жұбайы Қазақстан Азаматтық Альянсінің бұрынғы басшысы Салтанат Рахымбекова 2020 жылдың жазында қайтыс болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық