Төбелес шығарып, бірін-бірі соққыға жыққан Жаңаөзендегі оқушы қыздар жауапқа тартылады
Фото: Бейнеден кадр
Жаңаөзенде жасөспірім қыздар арасындағы төбелес 18 қазан күні кешке болған. Бір-бірін аяусыз соққыға жыққан қыздардың бейнесі кеше, 23 қазан күні әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
Министрліктің мәліметінше, Маңғыстау облысының білім басқармасы арнайы комиссия құрып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. Ал Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы әкімшілік іс қозғаған.
«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабына сай, оқушы қыздардың ата-аналарына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылды», деп хабарлады министрлік.
Ал Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сержан Түйешиев 8 және 9-сынып оқитын екі қыз колледжде 2-курста оқитын 18 жастағы қыздармен сөзге келіп қалып, кикілжіннің соңы төбелеске ұласқанын айтты.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша жасөспірімдер мен ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Іс сотқа жолданды. Сонымен қатар, 3 қыз да полиция басқармасының есебіне қойылды», – дейді Сержан Түйешиев.
Айта кетейік, БҚО-да украинша жазуы бар дрон сынықтары табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық