Тоқаев ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Вьетнамға барады

cover Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхуонгтың шақыруымен Ханойға барады.

Сапар 20-22 тамыз аралығында жоспарланған. Ақорданың хабарлауынша, жоспарға сәйкес сапар барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланады. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өндіріс орындарын аралап, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар