Тоқаев Ғылым академиясының вице-президентімен қазақ тілі мәселесін талқылады
Кездесуде отандық ғылымның дамуы жөнінде де пікір алмасулар болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Асқар Жұмаділдаев Мемлекет басшысына Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айдағы қызметі туралы айтып, отандық ғылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, академик қазақ тілін латын графикасына көшіруге қатысты өз ойын білдірді.
Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары ескеріліп, үкіметке тиісті тапсырмалар берілетінін айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ғылыми және академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, техника және технология салаларындағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жақсартуға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша дәлелді ұсыныстар беруге үлес қосуы керек» делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы жоғары беделін атап өтіп, оған Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты қызметінде табыс тіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық