Тоқаев Индонезия президентіне жеделхат жолдады

cover

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар