Тоғыз ай толғатқан Pfizer екпесінің құны әлі құпия – Алексей Цойдың уәдесі
Фото: ҚР ДСМ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерге қашан мүмкіндік туатынын және екпе құнын жақында жариялауға уәде берді.
Министрдің сөзінше, қазір сұранысты анықтау мақсатында Алматы, елорда және басқа да қалалардағы емханалар Pfizer вакцинасына ынталы азаматтардың тізімін жасап жатыр. Осыдан кейін ведомство елге қажет екпенің көлемін нақтыламақ.
«Вакцина бағасы туралы бұған дейін де әлі нақтыланып жатқаны айтылды. Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісеміз. Тап уақытын айта алмаймын, бірақ жуырда хабарлаймыз. Мәселе пысықталып-талқыланып жатыр» деді министр Алексей Цой «Алтын сапа» сыйлығы табысталған жиында.
Апта басында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали бірер күнде 3,2 мыңнан аса тұрғыны екпеге кезек алғанын хабарлады. Orda тілшісіне «вакцинаның бағасын екі күнде» анықтап беруге уәде еткен.
Осыған дейін жарияланған ресми ақпарат бойынша, биыл екпе алуды қалаған барлық азаматқа салынған 5 түрлі вакцинаға жалпы жиыны кемінде 95 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген. Олар:
- Спутник V екпесі – 14 млн 280 мың дозаға 70 млрд 80 млн 926 мың теңге;
- QazVac вакцинасы – 3 млн дозаға 6 млрд 48 мың теңге;
- Coronavac еспесі – 500 мың дозаға 3 млрд 572 млн 535 мың теңге;
- Sinopharm екпесі – 4 млн дозаға 15 млрд 699 млн 248 мың теңге;
- Hayat-Vax вакцинасы – 1 млн дозаға 13 млрд 400 млн теңге.
Бірақ мыңдаған қазақстандық асыға күткен Pfizer екпесіне бөлінген қаржы әлі де жұмбақ күйде. Министрлік мемлекет қаржысынан алынған 4 млн 80 мың дозаның құнын уақыты келмейінше, айта алмайтынын бірнеше рет мәлімдеген. АҚШ-Германия екпесі әзірге тек жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға салынады. Өзге әлеуметтік топтар ақылы негізде қол жеткізу жағын қарастырылып жатыр. Қазақстан Үкіметі мен компания арасындағы келіссөз биыл наурыз айында басталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық