Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жүргізіліп жатыр
Фото: Forbes.kz
Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Тексеруді Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы жүргізеді.
Тек уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар импорттаушылар тексеріледі. Осы тексерулердің қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады. Комитет тексеру тауарларды кедендік шекара арқылы заңды өткізуге кедергі келтірмейтінін және адал кәсіпкерлік сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асыратынын атап көрсетеді.
Жалпы алғанда, 2021 жылы нарықта Қытайдан тауарлар импорттаған 7 241 сыртқы сауда қатысушысы болды, оның ішінде 17-і ДББҰ мәртебесіне ие және олар импорттың 18 пайызын құрады. Бес уәкілетті оператор өңдеуші секторға, екеуі – квазимемлекеттік секторға («Қазпочта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ) жатады.
Атап айтқанда, «KTZ Express» АҚ сонымен қатар кедендік өкіл және халықаралық экспедитор болып табылады, Қазақстан-Қытай шекарасында жеке инфрақұрылымы бар. Ол Орталық Азиядағы ең ірі құрғақ порт KTZE-Khorgos Gateway-ді басқарады, сонымен қатар KIF Warehouses А класындағы қоймаларға ие.
Жалпы, Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері және басқа да тауарларды кедендік рәсімдеу орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес жұмысын жалғастыруда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық