Тоқаевтың Мирзиёевты алдын ала құттықтауы «саяси мәдениетсіздікке» жатады - Дос Көшім
Өзбекстанда президент сайлауы өтті. Алдын ала нәтиже бойынша Шавкат Мирзиёев айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Бірақ ешқандай ресми дерек айтылмады, десе де Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатардың алды болып оны қайта сайлануымен құттықтап үлгерді. Ең алғашқылардың қатарында құттықтау саясат ішіндегі бәсеке ме, әлде бұл жақындасу тактикасы ма.
Сұрақтың жауабын алу үшін Orda.kz журналисі саясаткер Дос Көшімге хабарласып көрді.
«Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды» делінген Ақорда жариялаған ақпаратта.
Саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, ресми мәлімдеме шыққанға дейін өзге ел президентін құттықтау «саяси мәдениетсіздік».
— Шындығында ресми нәтиже шыққанға дейін құттықтау саяси мәдениетсіздікке жатады. Негізінен ерте құттықтау сол президентке жақынырақ екенін көрсету. Кеңестің кезінен қалған, авторитарлық режимдегі адамдар осылай бір-бірін құттықтап жатады. Дегенмен де экзит пул нәтижесінен кейін емес ресми мәлімдеме жасалған соң құттықтау керек, - дейді Дос Көшім.
Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Шавкат Мирзиеев 80,1% дауыс жинап, Өзбекстан президенті болып сайланды. Сайлаушылардың келуі 80,8%-ды құрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық