Тоқаевтың әкесі туралы фильм түсіруге ниетті автор мәлімдеме жасады
Жақында желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев туралы фильмнің сценарийі тарап, жұртшылықты біраз әбігерге салды.
Енді фильмді түсіруге ниет білдірген NAR Media Group өкілі «мемлекеттен бір тиын алмағандарын» алға тартып, фильмді түсіруге екі жыл бұрын бел буғандарын айтты.
«Қызғаныш деген қызыл ит...
Екі-үш күннен бері бәз біреулер біздің толықметражды фильм (Әке тағдыры) түсіруімізге байланысты әлеуметтік желіге келсін-келмесін, (өздерінің кім екенін білдіретін жазбалар) қалдырып жатыр екен. Рас фильм жазушы, қазақ детектив жанрының атасы атанып кеткен Кемел Тоқаев жайында түсіріледі. Біз бұған екі жылдай дайындалдық. Кезінде Кемел Тоқаевтың қай шығармасы болмасын қаншама данамен шығарылғанымен дүкендерде қалмай, қолдан-қолға өтіп оқылатын. Себебі белгілі, құнды дүние ешқашан жерде қалмайды. Шығармалары көркемдік жағынан да, әрбір детальдарды пайдалану тұрғысынан болсын оқырмандарын баурап алатын. Біз де 7 жылдай «Қылмыс пен Жаза» бағдарламасын жасаған кезде оның шығармаларынан көп идея алатынбыз. Бағдарлама сол үшін де көрерменнің көңілінен шықты. Келер жылы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы. Осындай мерейлі жасында неге рухани азық алған қайраткеріміз туралы туынды жасамасқа?! Және біз фильмге басқалар сияқты Үкіметке алақан жайып, бір тиын сұрап жатқанымыз жоқ» деді идея авторы Нартай Өтеген.
Оқымай тұрып «тоқитындар» көп...
Болашақ фильмнің продюсері Кемел Тоқаевтың өмірі не себепті жұртқа қызық болатынын түсіндірді.
«Оқымай тұрып «тоқитындар» көп...
Біле білген адамға Кемел Тоқаевтың жастық шағы өте қиын болған. Кеңестік кезеңнің кесепаты барлық қазақ отбасы сияқты Тоқа отбасына да тиген. Қолдан ұйымдастырған ашаршылық, адам төзбес қиянаттардан титықтаған қазақтар аман қалудың жолы деп шет елдерге ауа көшкен. Тоқа әулеті заман оңалса оралуға жақын деп Бішкекке барады. Алайда ол жақта да оларға оңай болмады. Кемелдің қарындасы отқа өртеніп, сал боп жатқан анасы қызын құтқара алмай, жүрегі жарылып қайтыс болады. Аштан өлмеудің қамымен титтей тары болса да тауып келудің қамымен жүрген кішкентай Қасым мен Кемелді милициялар ұстап алып, «әке-шешеміз бар» дегеніне қарамай, жетім балалар үйіне қорқытып өткізіп жібереді. Ол кезде де балалар үйін толтыру науқаны (әсіресе қазақ балаларымен) жүргізілген. Осындай қасіреттен кейін, яғни жары мен қызынан өлідей, қос құлынынан тірідей айырылған Тоқаның жайы айтпаса да түсінікті шығар... Міне, мұндай жағдайлар және ашаршылықтан қырылу бұл әулеттің ғана емес, бүткіл қазақтың басынан өтті. Осындай геноцидті әлемге мойындата алмай біз жүрміз. Өйткені, дәлел-дәйегіміз жетпейді-мыс. Ал, Тоқа әулетінің аянышты тағдырын кім жоққа шығара алады?!» деді Өтеген.
Сондай-ақ, Нартай Өтеген Қазаққа керек дүниелерді бастағанда ұлт қаскөйлері жолды бөгейтінін мәлімдеді.
«Қысқасы, Қазаққа керек дүниелерді бастай бастасаң ұлтымызға қас қаскөйлер мен біреудің жасап жатқанын көре алмай іштері қызғаныштан өртеніп кететіндер әңгіме ауанын басқа жақтан бастап біздің «қытығымызға» тигісі келеді. Оларыңнан ештеңе шықпайды! Осы уақытқа дейін қазақы дүние мен ұлттық құндылығымызды насихаттауда біршама телехикаялар жасаған біздің ұжым ондайлардан қайта қайраттана түседі» деп қорытындылады фильм авторы.
Белгілі болғандай, болашақ туынды ақпан айында басталып, төрт ай түсіріледі.
Жаңалықтар
- Не себепті Қазақстан банктері зейнеткерлерге несие беру рәсімін күрделендірді?
- Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысып, сөз сөйледі
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?
- Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсіріп таратқан
- Президент Қытайда: «Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытамыз»
- «Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
- 200 миллиард теңгенің темекі контрабандасын шетелден кіргізбекші болғандар ұсталды
- Түрмедегі салық: Оралдағы колонияда қылмыстық топ құрып алған
- ӘЧ-2026: Матчтан кейінгі саяси дау — «Фолкленд аралдары – Аргентинаға тиесілі»