Тоқаевтың француз тілінде сөйлеген бейнежазбасы жарияланды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысымен француз тілінде сөйлесті.
Бұл туралы Orda.kz президенттің телерадиокешеніне сілтеме жасап хабарлайды.
22 қыркүйекте Қазақстан президенті Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Одиль Рено-Бассомен кездескен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапарлап келген ханыммен француз тілінде сөйлесті.
– Ханым, өзіңізді бүгін біздің астанамыздың төрінен көргеніме өте қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біз үшін маңызды, өйткені ол біздің ел мен сіздің банк арасындағы ынтымақтастыққа үлкен серпін береді, – деді президент Тоқаев.
Банк басшысы Мемлекет басшысына жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.
– Қазақстанға бірінші рет жасаған жеке сапарым үшін өте қуаныштымын. Біз өзіңізбен телефон, бейнеконференция арқылы келіссөздер жүргізгенбіз, бірақ тікелей кездесу деген мүлде басқа дүние. Бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, терең талқылаулар жүргізуге, сонымен қатар кеңейтілген құрамда бірқатар серіктестермен кездесуге мүмкіндік береді, – деді Одиль Рено-Бассо.
– Осы өңірдегі басқа елдерге де баруды жоспарлап отырсыз ба? – деп сұрады Тоқаев.
– Жоқ, бұл жолы емес. Болашақта. Ал осы аптада тек Қазақстан, – деді банк басшысы.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) бітірген, ҚХР-дағы КСРО елшілігінде диплом қорғар алдында тағылымнан өткен, Пекин лингвистикалық институтында да тәжірибеден өткен. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Қазақстан президенті қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік біледі, француз тілін де жақсы меңгерген.
Жаңалықтар
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру
- Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресейдің әскери ынтымақтастық келісімін өзгерту жоспарына қатысты пікір білдірді
- Трамп: АҚШ пен Иран келіссөздерді бүгін қайта бастайды
- Мешітке келген жасөспірімдердің бірінің мұрнын сындырып, екіншісінің миын шайқаған адам сотталды
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы былық: 36 қылмыстық іс пен 3,5 млрд теңгеден асатын шығын
- Қазақстанды қоса алғанда ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіруді арттырады