Тоқаев жылыту жүйесіндегі апаттармен күресуді тапсырды
Тоқаев Қазақстандағы жылу электр орталығындағы апаттардың көбеюімен күресуді тапсырды.
Президент 5 сәуірде өткен кеңесте Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа осындай тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де болған апатты атап өтті. Сол кезде құбырдың опырылуы салдарынан кәсіпорынның қазандығы зақымдалып, бір жұмысшы үйінді астында қаза тапты.
Бірнеше күннен кейін Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болды. Қала тұрғындары үйлерінде ыстық сусыз, жылусыз қалды.
Естеріңізге сала кетсек, бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметі төмендегідей хабарлама таратқан болатын:
«26 наурызда сағат 21.30-да Петропавл 2-ЖЭО-да теріс температураның (-13 С) әсерінен ашық жылу тізбегінен импульстік құбырлар қатып қалды. Себеп – 20 наурызда болған мұржаның құлауына байланысты цехтағы қысым мен сыртқы ауа температурасының төмендеуі. Бұл 3 қазандықтың жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта импульстік құбырлар жылытылды, ЖЭО-2-де 3 қазандық жұмыс істеп тұр, 4-ші қазандықты жағу басталды, жақын арада 5-ші қазандық қондырғысы пайдалануға беріледі».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық