Тоқаев жерді сату мен жалдауға тыйым салатын заң жобасын мәжіліске жолдады
ҚР Президенті парламент қолданыстағы регламентке сәйкес заң жобасын қарап, тиісті шешім қабылдайтынына сенім білдірді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
— Бүгін мен өзімнің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды, деп жазды Тоқаев.
Бұған дейін мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға немесе жалға беруге заң жүзінде тыйым салу туралы айтқан болатын.
— Қазақстандықтар үшін жер мәселесі өте маңызды. Жер – біздің мемлекеттілігіміздің белгісі. Мен шетелдіктерге жер сатылмайды деп бірнеше рет айтқанмын. Бұл туралы қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, мен ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға, жалға беруге заңды түрде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты, деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл шаралар президенттің заңнамалық бастамасының көмегімен жүзеге асырылуы керектігін атап өткен.
Жер кодексінің қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ауылшаруашылық жерлерін жалға беруге, сондай-ақ жер учаскелерін қазақстандық фермерлерге сатуға қатысты кейбір ережелеріне қатысты жарияланған мораторий мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық