Тоқаев жаңа үш облыс құру туралы жарлыққа қол қойды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлыққа қол қойды.
ҚР президентінің Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақсуат ауылынан Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылына көшірілді.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының құрамында:
- Тарбағатай ауданынан бөлініп, әкімшілік орталығы Ақсуат ауылындағы Ақсуат ауданы;
- Самар ауданы Көкпекті ауданынан бөлініп, әкімшілік орталығы Самар ауылы болды.
Президенттің тағы бір жарлығымен Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорғаннан Қонаев қаласына көшірілді:
- Шығыс Қазақстан облысынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөліп, әкімшілік орталығы Семей қаласы болатын Абай облысы;
- Алматы облысынан Ақсу, Алакөл, Ескелда, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөліп, әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу облысы;
- Қарағанды облысынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөліп алып, әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасқан Ұлытау облысы құрылды.
Еске салсақ, 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев 1990 жылдары басқа облыстармен біріктірілген үш облысты қайта құруға ұсыныс жасады.
18 наурызда Әділет министрі Қанат Мусин үкімет отырысында Тоқаевтың жолдауына сілтеме жасай отырып, еліміздің негізгі заңына енгізілетін өзгерістер туралы айтты.
24 наурызда Қапшағай қаласы мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтіп, онда қала атауын өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.
29 наурызда Қазақстанда жаңа облыстарды құру жөніндегі комиссия құрылды.
6 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихаттың депутаттары жаңадан үш ауданның құрылуына бірауыздан дауыс берді, оның екеуі Абай облысының, біреуі Шығыс Қазақстан облысының құрамында болады.
3 мамырда Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгертілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық