Тоқаев: зейнетақы қорындағы артық ақшаны пайдалану Ережесіне өзгерістер енгізіледі
Президент атап өткен түзетулер қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкіндегі шотқа ақша аударуға мүмкіндік береді.
— Қазақстанда тұрғын үй кешенді бағдарламасы әзірленеді, оның әкімшісі «Отбасы» банк болады. Банк ұлттық даму институтына айналуда және оның алдында «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтар арасында тұрғын үйді есепке алу мен бөлуді қамтамасыз ету міндеті тұр, - деді ел президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында.
Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында осы мәселеге тоқталып өтті. Президент зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдану бастамасы оң әсер беретіндігне сенімді.
Сонымен қатар Тоқаев Отбасы банк шотына зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шегінен жоғары қаржыны аударуға рұқсат беру қажет деп санайтындығын айтты.
— Бұл сондай-ақ халықтың ақша жинау әдетіне, оларды сауатты түрде игеруге септігін тигізеді, - деді Тоқаев.
2 қыркүйекте Үкімет отырысында Елбасы Жолдауының орындалуы талқыланды. Кездесуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Отбасы банк ипотекалық бағдарламалар аясында кезекте тұрғандар үшін бастапқы төлем тұрғын үй құнының 10% -ына дейін төмендетілетінін мәлімдеді. Жеңілдетілген несие мөлшерлемесі отбасының табысына байланысты жылдық 2% және 5% болатындығын мәлімдеді.
— Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану Ережесі жинақтың жеткіліктілік шегінен асатын жинақтың бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкіндегі шотқа аударуға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізіледі, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Ал Отбасы банк президенттің бұл бастамасы бірінші кезекте қазақстандық жастардың тұрғын үйге тезірек ие болуына септігін тигізетінін атап өтті.
— Қазір Қазақстанда жыл сайын 120 мыңға жуық жас отбасы құрылады. Алғашқы жылдары ерлі -зайыптыларға жеке пәтер немесе үйге қаржы жинау оңай емес. Оларды қолдау қажет. Ал Мемлекет басшысының бастамасы – дер кезінде көтерілген. Бұл қазақстандықтарға Отбасы банк -те ақша жинау мерзімін іс жүзінде екі есе қысқартуға және қоныс тойын әлдеқайда ертерек тойлауға мүмкіндік береді. Біздің болжауымызша, бұл мүмкіндікті бір жыл ішінде 190 мыңға жуық жас отбасы пайдалана алады. Жыл сайын тағы 15 мың отбасы депозит ашады, - деді банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Orda.kz редакциясы өз тарапынан биылғы 7 қыркүйекке дейін Жолдауды іске асырудың Ұлттық жоспары дайындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынылуы тиіс екенін естеріңзге салады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық