Тоқаев Өзбекстан президентімен шағын құрамда келіссөз өткізді
Ақорда сарайында Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Ақорда хабарлағандай, құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекет басшыларына рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұраны орындалды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Шығыс залында шағын құрамда келіссөз өткізді.
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты стратегиялық серіктестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты негізгі аспектілер қарастырылды. Сондай-ақ аймақтағы, соның ішінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан, Шавкат Мирзиёевтің қазақ жерінде өтіп жатқан мемлекеттік сапарының маңызды екенін атап өтті.
– Біз бүгін одақтастық қатынастар туралы декларацияға қол қоямыз. Бұған дейін стратегиялық серіктестік қағидаларына сүйеніп келген болсақ, алдағы уақытта біздің өзара қарым-қатынастарымыз шын мәніндегі жаңа деңгейге көтеріледі. Сондықтан бүгін қол қойылатын құжаттар еліміз арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп есептеймін. Біз екі ел үкіметіне жақын арада сауда көлемін 3 миллиард долларға, кейінірек 10 миллиард долларға дейін жеткізу туралы тапсырма беруге уағдаластық. Бұл өте жоғары деңгей, – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі екі мемлекеттің рөлі туралы айтты.
– Еліміз арасындағы одақтастық, стратегиялық қарым-қатынастар – Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бұл ешқандай артық айтқандық емес. Екі ел арасындағы байланыстар қаншалықты тығыз болса, біздің маңызды аймақтағы ахуал да соншалықты тұрақты болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шавкат Мирзиёев қазақ жерінде көрсетілген дәстүрлі қонақжайлық үшін ризашылығын білдіріп, өзінің және өзбек халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Өзбекстан президенті өзінің мемлекеттік сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанының символдық мәні бар екенін айтты. Ол екі ел халықтарының арасындағы ғасырлар бой қалыптасқан достық қарым-қатынастар мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор септігін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ екі ел үкіметтерінің осы сапар қарсаңында атқарған нәтижелі жұмыстарын атап өтті.
Жаңалықтар
- Құрылтай депутаттарын сайлау: Сайлау учаскесінің мекенжайын қалай білуге болады?
- Meta компаниясы әлеуметтік желілердің балаларға келтірген зияны үшін 567 миллион доллар төлейді
- Нұрай Серікбайдың туыстары сотталушыдан 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрады
- Қазақстандағы мектеп формасында өзгеріс бар ма?
- Құрылтай деген не? Ұлы даладағы билік кеңесі қалай қалыптасты?
- Мемлекеттік грант иегерлері анықталды: 2026–2027 оқу жылының басты қорытындылары
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?