Тоқаев заңнамалық актілерге қол қойды
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Құжат ғылыми, ғылыми-техникалық салалардағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Атап айтқанда, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың және барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде адам ағзаларын транспланттауға қатысты нормалар жетілдірілген. Сондай-ақ заңда ұлттық ғылыми кеңестердің және мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзыреттері нақтыланады. Ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды әлеуметтік қолдау және көтермелеу, жыл сайынғы «үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру көзделеді.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев заң жобасын қарау барысында атап өткендей, құжат ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін қосымша құқықтық негіз жасайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық