Тоқаев Түркі кеңесі туралы: бауырлас елдермен бірлестік!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан диплотамиясы туралы айтты.
– Қазақстан – Еуразия құрлығындағы көпжақты құрылымдардың негізін қалаушы елдердің бірі. Еліміз ТМД, Еуразия экономика одағы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы және басқа да құрылымдардың жұмысын жандандыруға белсене атсалысып келеді, – деді Тоқааев.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі туралы ойларымен бөлісті.
– Жақында бауырлас елдермен бірлесіп, Түркі кеңесін толыққанды ұйымға айналдырдық. Осылайша, түркі тілдес мемлекеттер ынтымағының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан алып құрлықтың дәл ортасында тұр. Бұл – географиялық тұрғыдан тиімді. Біздің төңірегімізде бейбітшілік белдеуі қалыптасты. Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Сыртқы экономикалық қарым-қатынасқа барынша ашықпыз. Мұның бәрі – инвесторлар үшін өте қолайлы жағдай, – деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, бүгінде Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 75 пайызы Қазақстанға тиесілі. Дипломатиялық корпус күрделі кезеңде жоғары деңгейде қызмет етті. Шетелдегі мыңдаған азаматымызға көмек көрсетті. Сыртта қалып қойған отандастарды елге алып келу үшін тиісті жұмыс атқарды. Дипломаттардың арқасында Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізілді.
– «Вакциналық дипломатияның» арқасында Орталық Азиядағы індетке байланысты ахуалды тұрақтандыруға үлес қостық. Түрлі қиындыққа қарамастан, Сіздер алдымызда тұрған стратегиялық міндеттерді орындап келесіздер.
Атап айтқанда, еліміз ЭКОСОС-қа және Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайланды. Биыл теңізге тікелей шыға алмайтын елдер тобына төрағалық етіп отырмыз. Басқа да маңызды бастамаларымызды жүзеге асыру үшін ауқымды шаралар қолға алып жатыр, – деді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді