Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
Фото: Көрнекілік үшін
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сауда базарлары санының қысқаруы бірнеше факторға байланысты, олардың көпшілігі объективті сипатқа ие, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі Orda.kz сауалына берген жауабында.
Өткен жылы елдегі базарлар саны 38-ге азайған.
Министрліктің мәліметінше, елдегі базарлар санының қысқаруының негізгі себебі «сауда инфрақұрылымы трансформациясы» және «жаңғырту саясатын жүзеге асыруға» қатысты екен. Кейбір базарлар жаңғыртудан кейін қызмет түрін өзгертіп, сауда үйлері, сауда орталықтары және басқа форматта қайта тіркелген.
Кейбір нысандар министрлік «объективті» деп атаған себептерге байланысты жұмысын тоқтатқан. Мысалы, олардың бір бөлігі табиғатты қорғау аймақтарында немесе билік белгілеген «қызыл сызықтардан» тыс орналасқан. Жалпы алғанда, Қазақстандағы сауда саласы заманауи форматқа көшіп жатыр.
Сонымен қатар, мемлекет жаңғырту жүргізіп, талаптарға сай жұмыс істеуге ұмтылған базар иелеріне қолдау көрсетеді. Бастапқыда министрлік барлық жұмыс істеп тұрған базарларды жаңғыртудың соңғы мерзімін 2025 жылдың соңына дейін белгілеген болатын. Бұл мерзімге үлгермегендер жұмысын тоқтатуы тиіс еді.
Бұл туралы министр Арман Шаққалиев те айтқан. Министрліктің мәліметінше, бұл талаптар қауіпсіздік пен сапаның ең төменгі стандарттарын қамтамасыз ету үшін қажет. Алайда 2026 жылдың қаңтарында бұл мерзім бір жылға ұзартылып, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін шегерілді.
Қазіргі таңда 19 нысанда жаңғырту жұмыстары әлі басталмаған. Министрлік иелерінің қажетті құжаттарды дайындамағанын, қаржыландыру таппағанын немесе заң талаптарына сай жұмыс істегісі келмейтінін атап өтті. Олар үшін өңірлік әкімдіктер қосымша жол карталарын әзірлеуі тиіс.
Бүгінде 33 базарда жаңғырту толық аяқталған, тағы 39 нысанда жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Тоғыз базар жұмысын тоқтатып, барлық жоспарлар мен жол карталарынан шығарылған. Оның алтауы форматты өзгерткен, ал қалған үшеуі табиғатты қорғау аймақтарында орналасуына байланысты жабылған.
Министрлік тағы бір мақсат қойып отыр. 2029 жылға қарай заманауи кең форматтағы базарлардың үлесін 70%-ға жеткізу. Ведомство мұны сауданың заманауи форматтарын дамыту жөніндегі кең ауқымды стратегиялық бағыт деп атайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың соңында Қазақстанда 626 базар жұмыс істеген (жыл басында 588 болған). Ең көп базар 103 нысан түрынде Түркістан облысында тіркелген.
Оқи отырыңыз:
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық