Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырылды
Қазақстан президенті Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады.
Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығының өте маңызды екенін атап өтті.
– Әлемдегі құбылмалы жағдайды ешкім дөп басып болжай алмай отыр. Осыған қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенімге, достыққа негізделген, – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанына тоқталып, бауырлас елдің жетістігіне қуанатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.
Мұстафа Шентоп Қазақстанға жасаған сапары аясында қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ол әлемдік пандемияға байланысты бетпе-бет кездесулердің шектелгеніне қарамастан, екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
– Қараша айында біздің елде өтетін Түркі кеңесі елдерінің саммитінде түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар маңызды шешім қабылданады деген үміттеміз. Өзіңізді сол саммитте күтеміз, – деді Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық