Тоқаев: содырлар Қазақстанға гастарбайтер атын жамылып келді
Тергеушілердің айтуынша, әуежайды Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың өтуін қамтамасыз ету үшін басып алған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев содырлардың Қазақстанға гастарбайтер атын жамылып келгенін айтты. Мемлекет басшысының сұхбатынан осындай үзіндіні «Хабар 24» телеарнасы келтірді.
– Әрине, бұл адамдар материалдық құндылықтарға қызығушылық танытпады, олар әкімшілік ғимараттарына шабуылдарға жетекшілік етті. Олардың қылмыстық істерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты деректерге қызығушылығы болды. Бұл мұқият жоспарланған шетелдік содырлардың террористік әрекеті болды. Содырлардың әуежайды басып алуды ұйымдастырғанын байқаған боларсыздар. Қазір тергеу әуежай Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетіп отыр. Бұл, әрине, гастарбайтер атын жамылып ұшып келген, қалаға кіргізіліп, операцияны басқара бастағандар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сұхбатта президент қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, одан әрі саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен қарым-қатынастары туралы қоғамды толғандыратын сұрақтарға жауап береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық