Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару үшін үкіметке тапсырма берді
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Тапсырманы орындауға үкіметтің екі ай уақыты бар.
– Үкіметке шетелге заңсыз әкетілген қаржы қаражаты мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беруді екі ай ішінде орындау тапсырылады. (…) Адал еңбек, әділ сыйақы идеологиясы компрадорлардың (шетелдік капитал мен дамушы елдің ұлттық нарығы арасында делдал болатын кәсіпкер) дүниетанымын алмастыруы керек. Бұл-билік пен қоғамның ортақ міндеті, ол әлеуметтік-экономикалық аспектілерді, мемлекеттік саясат, ұлттық бірегейлік және жастарды тәрбиелеу мәселелерін қозғайды, - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент бизнестен салықтық адалдық, әлеуметтік жауапкершілік талап етілетінін атап өтті.
– Бұл тәсілдің бір көрінісі - «Қазақстан халқына» берілетін қайырымдылық. Мен бұрын айтқанмын, бүгін қайталап айтамын, оның қалыптасуы негізінен ірі ұлттық буржуазия есебінен жүруі тиіс, дегенмен, әрине, басқа компаниялардың, оның ішінде шетелдік инвесторлардың жарналары құпталады. Тағы да атап өтемін: бұл мәжбүрлеу емес. Ал табысты компаниялар мен азаматтарға жалпыұлттық мақсаттарға қаражат беру мүмкіндігі, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық