Тоқаев ресми іс сапармен Швейцарияға келді
Фото: Берік Уәли
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясына ресми сапармен келді. Мұндай ақпаратпен оның баспасөз хатшысы Берік Уәли бөлісті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцарияның Федералды президенті Гай Пармелан арасындағы келіссөздер Женевада өтеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде» деп жазды Берік Уәли.
Президент бағдарламасында:
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнайы сессиясында сөз сөйлеу;
- БҰҰ және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылығымен тілдесу;
- инвестициялық дөңгелек үстелге қатысу;
- еуропалық бизнес капитандарымен кездесулер бар.
Тоқаев Бельгиядан кейін Швейцарияға келді. Бұл Қазақстан президенті Covid-19 пандемиясынан кейін ресми сапармен келген Еуропадағы алғашқы мемлекет болды. Екі күндік бағдарламада Тоқаевтың ел және Еуропалық Одақ басшылығымен кездесулері қарастырылған.
Саяси сарапшылар Тоқаевтың Бельгияға сапары мақсаттарының бірі Қазақстанның Еуропа Кеңесіне кіру мүмкіндігіне байланысты деп болжайды.
– Сапар Еуропа Кеңесіне кіруге байланысты болуы әбден мүмкін. Брюссель – еуропалық мекемелердің орталығы мен бас кеңсесі. Сапар орынды. Дегенмен, бұл қарапайым сапар болуы мүмкін, - деді саясаттанушы Ғазиз Әбішев.
Еске салсақ, Қазақстан Еуропа Кеңесімен 1997 жылдан бері ынтымақтастықта. Ел Еуропалық прокурорлардың консультативтік кеңесінде, сондай-ақ Еуропалық судьялардың консультативтік кеңесінде және сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияда халықаралық бақылаушы мәртебесіне ие.
13 қазанда Мәжіліс Қылмыстық кодекске терроризм және басқа да қылмыстар үшін өлім жазасын алып тастайтын, соғыс уақытында мұндай жаза аса қауіпті қылмыстар үшін қолданылуы мүмкін деген шартпен түзетулерді қабылдады.
15 қазанда Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне үш жылға сайланды. Міне, осы сәттен бастап Еуропа Кеңесіне кіруге ешқандай кедергі жоқ.
Еуропа Кеңесі – мүше мемлекеттер мен еуропалық елдердің құқықтық стандарттар, адам құқықтары, демократиялық даму, заңдылық және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығына арналған халықаралық ұйым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық