Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады.
Бұл туралы президент баспасөз қызметінің хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«28 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады.
ТМД басшыларының жаңа жыл қарсаңында өткізетін осындай форматтағы кездесуі дәстүрге айналды. Жиын барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындылары, көпжақты ықпалдастықты дамытудың перспективалары және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланбақ. Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдан бас тартуын қабыл алды
- 32 ауыр жүк көлігі жолда қалды: Артық жүк артқан тасымалдаушылар жазаланды
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады