Тоқаев пен Назарбаев арасындағы келіссөздер туралы белгілі болды
Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында өткен келіссөз жайлы белгілі болды.
Бұл туралы «РПУ «Данк» Telegram-арнасы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
«Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, 9 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Назарбаев пен Тоқаевтың кездесуі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «айналасындағылардың» өзін қалай күйреткені туралы айтқан. Әсіресе, Елбасы Кәрім Мәсімовтің әрекетіне қынжылады» делінген хабарламада.
Еске салсақ, Назарбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 18 қаңтар күні алғаш рет қалың жұртшыққа шығып, үндеу жасады. Ол өзінің елден кетуі туралы қауесетті жоққа шығарды және наразылық ұйымдастырушылары Қазақстанның мемлекет ретіндегі тұтастығы мен негізін жойғысы келетінін мәлімдеді. Назарбаев Қазақстанның саяси элиталары арасында ықпал үшін күрес жоқ екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейі Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиге ұшып кеткені туралы ақпарат шықты.
Бұған дейін, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира қамауға алынды.
Бұл туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.
«16 наурызда Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қазақтелеком» АҚ-ның аса ірі көлемдегі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Антикор басшысы Олжас Бектенов Сатыбалдыұлының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын және Дубайға ұшпақ болғанын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы ұрлықтың бірқатар түрлері бойынша қаржы көлемі анықталып жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» кеңселері де тінтілуде.
– Менің ойымша, біз тиісті сараптамалар жүргізгеннен кейін ұрланған қаржы көлемін айта аламыз. Әзірге белгілісі әңгіме миллиардтаған ақша туралы, – деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық