Тоқаев партияластарын алаяқтыққа бармауға шақырды
Қазақстан президенті, «Аманат» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия мүшелері халықтың алдында көзбояушылықпен айналыспауы керек екенін айтты.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде партия атауын Аманат деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
Тоқаевтың айтуынша, «Аманат» партиясы – халықтың пікірі мен тілегін тыңдайтын, сонымен қатар халықтың мүддесі үшін әрекет ететін парасаттылық пен ұлттық бірліктің партиясы.
— Біріншіден, сайлау кезінде берілген уәделерді орындау қажет. Тағы бір жайт, партия популизмге берілмей, мүмкін емес нәрсені уәде етіп, содан кейін премьер-министр мен оның кабинетінің мүшелерін басынан қағып, қажетті цифрларды талап етпеуі керек. Міне, осылайша ара алшақтық пен халықтың партияға деген сенімсіздігі туады, оның өте жағымсыз салдары бар. Мұның барлығы халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен ішкі саяси тұрақтылыққа тікелей әсер ететін «көз жұму» деп аталады, - деді президент.
Тоқаев бұл жағдай, әсіресе геосаяси тұрақсыздығы жағдайында Қазақстан үшін мүлдем қолайсыз деп қосты.
Оның айтуынша, партияның ребрендингі оның атын өзгертумен шектеліп қалмауы керек, барлық партия жұмысын қайта құру қажет. Орталық филиалдармен және бастауыш ұйымдармен, ал олар өз кезегінде сайлаушылармен өзара тығыз әрекеттесу әдістерін қайта қарауы қажет.
«Аманат» төрағасы бюрократия мен «қағазбастылықтан» бас тартатын уақыт жеткенін қадап айтты.
— Бюрократияның ең нашар қасиеттері партия аппаратының жұмысында анық байқала бастады. Есептер мен ресми іс-шаралар сайлаушылармен тікелей жұмысты көлеңкеде қалдырды. Көздері оттай жанған жас талаптар бейқам функционерлерге жол беруге мәжбүр болды, - деді Тоқаев.
Партияның Мәжіліс пен мәслихаттардағы қызметін жандандыру қажет, деп қосты президент. Парламенттік фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыруды өз мойнына алып, тек депутаттық сауалдың құралын ғана емес, парламенттік және қоғамдық тыңдаулар, қоғамдық пікірталастардың мүмкіндіктерін де пайдалануы керек.
— Қоғамдық талқылаулар назарын әлеуметтік желілер мен қала алаңдарынан парламент пен мәслихаттардың қабырғаларына аударған жөн. Бұл өте маңызды міндет. Қажет болса, нақты үкімет мүшелеріне, әкімдерге сенім білдіру мәселесін көтеру керек. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі, ең алдымен, дайындалған есептерге емес, нақты істерге, азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек. Жауапкершілік аясын кеңейту үшін барлық сайлау топтарына фракциялардың депутаттарының арасынан кураторлар тағайындау қажет, - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады