Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде не айтты?
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бейнебайланыс режимінде өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Айта кетейік, бұл іс-шараға Қазақстан Президентінен бөлек, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Жоғары сенім және тату көрші
– Біз бірнеше ғасырдан бері тарихи қарым-қатынас орнатып келеміз. Тату көрші болғанымызды және өзара тиімді ынтымақтастықтың осындай табысты тәжірибесін шын жүректен бағалаймыз. Құрметті Төраға Си Цзиньпин, Сіздің беделді және тиімді басқаруыңызбен Қытай Халық Республикасы өзінің дамуында таңғаларлық жетістіктерге жетті. Қытай қазір өрлеудің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша әлемдік көшбасшылар тобына кіруге лайық.
– Бүгінде екіжақты сауда жаңа рекордтық деңгейге жетіп отыр. Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 17 миллиард долларға дейін жеткен. Қытайдың Орталық Азия елдеріне құйған 40 миллиард доллар инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі. Сондықтан біздің еліміздің Қытайға аймақтағы ең ірі сауда-инвестициялық серіктес атануы заңды, – деді президент.

Қаңтар айының басындағы Қазақстан
Тоқаев биылғы қаңтар айының басында елімізге лаңкестердің асқан қатыгездікпен шабуыл жасағаны туралы айтты.
– Мемлекет, ұлт ретінде бұл қайғылы оқиғадан сабақ алдық және тез арада қалпымызға келетініміз сөзсіз. Қазіргі кезде мемлекеттік басқару ісін, ұлттық қауіпсіздік жүйесін және экономикалық саясатты қайта жасау және реформалау бағытында барынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша жаңа Қазақстан құру ісіне кірісіп кеттік, – деді мемлекет басшысы.
«Орталық Азия – Қытай» консультациялар механизмі
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін барынша күш салу керек екенін айтты.
– Қазақстан Қытайға экспортталатын тауар түрлерін 135-ке жеткізуге әзір, оның ішінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің ақшалай көлемі бір миллиард доллардан асады. Осыған байланысты сауда және көлік бойынша өзара бірлескен тәсілдерді әзірлеу үшін министрліктер деңгейінде «Орталық Азия – Қытай» кеңесу механизмін іске қосуды ұсынамын, – деді Тоқаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық