Тоқаев өзіне берілген ордендерден бас тартты
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттігі аяқталмайынша не отандық, не шетелдік марапаттарды қабылдамауды шешті.
Бұл туралы «YEDILOV ONLINE» telegram-арнасы хабарлайды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.
Ресейлік тарап Қасым-Жомарт Тоқаевты «Александр Невский» орденімен марапаттауды ұсынған.
«Мемлекет басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Алайда ол өзінің президенттік өкілеттігі аяқталғанша отандық немесе шетелдік марапаттарды қабылдамауды ұйғарды. Дәл сол себепті жақында Бішкекке жасаған сапары кезінде президент Қырғызстанның ең жоғары ордені бірінші дәрежелі «Манас» орденінен бас тартты» делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл ақпаратты растады.
Еске сала кетейік, Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында болды. Владимир Путинмен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЛХР және ДХР деп аталатын елдерді мойындамайтынын атап өтіп, сондай-ақ бірқатар ресейлік депутаттардың қисынсыз мәлімдемелеріне наразылығын білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық