Тоқаев Назарбаевты өкілеттіктен айыру туралы заңға қол қойды
Фото: Reuters
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын жою туралы заңға қол қойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген Ақорда жариялаған құжатта.
Заң бойынша Назарбаев қандай өкілеттіктен айрылды?
Мәжілісте «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды. Құжатта Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын жою туралы түзетулер бар. Бұл ретте заң жобасына Сенатта тағы да өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, сенаторлар Елбасымен мемлекеттік бастамаларды үйлестіру қажеттілігін жоюды ұсынды. Осыдан кейін заң жобасы мақұлдау үшін Мәжіліске қайтарылды. Бүгін Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген түзетулерді қолдады.
Бұған дейін депутат Қанат Нұров атап өткендей, заң жобасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы» конституциялық заңдарға қажетті барлық түзетулер қамтылған.
Еске салсақ, Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару құқығын 2018 жылдың шілдесінде иемденді.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап басқарып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық