Тоқаев: Назарбаевтай біртуар тұлғасы бар қазақ – бақытты халық
Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасының Қазақстан мемлекетін құру міндетін абыроймен атқарғанын айтты.
– Ең күрделі, бұлыңғыр кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға тарих төріне шықты. Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды. 1991 жылы 1 желтоқсанда халқымыз оған бірауыздан дауыс беріп, сенім мандатын тапсырды. Ал 16 желтоқсанда президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңға қол қойды. Ақиқатын айтсақ, бұл халқымыздың тарихындағы ең қуанышты әрі бақытты сәт болды. Сол сәттен Қазақ елінің жаңа дәуірі басталды, - деді президент тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған салтанатты жиында.
Президент 17 желтоқсан күні Назарбаев Алматыдағы алаңға келіп, елдің ортасына шыққанын еске салды.
– Бәлкім, бүгін бәрі оңай көрінер. Тіпті, кейбір адамдар Тәуелсіздіктің құндылығын жете түсінбеуі мүмкін. Ал аға буын оның қандай қиындықпен келгенін жақсы біледі. Тарихи күндердің әрбір минутын тек Елбасы ғана жан жүрегімен сезініп, басынан өткерген деп айтсақ артық емес, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев өз сөзін түйіндей келе Назарбаев халықтың ұлы перзенті екенін айтты.
– Түптеп келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың ұлы перзенті екенін өз еңбегі арқылы толық дәлелдеді. Жұртымыз оның дара басшылығымен кедергінің бәрінен сүрінбей өтті. Бүгінгі мерейлі мемлекетіміз – Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі, көзсіз ерлігінің жеңісі! Ол Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде әлем тарихынан мәңгі орын алады. Тұңғыш Президентіміз жаһан жұртының алдында ұлт мүддесін қорғай білген көреген саясаткер. Осындай бірегей қасиеттің бәрі бойына тоғысқан біртуар тұлғасы бар қазақ – бақытты халық, - деп түйіндеді Тоқаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық