Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атауын өзгертуді қолдады
«Нұр Отан» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл ұсынысты партияның кезектен тыс съезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.
– Елімізде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында біздің партия тұр. Ашығын айтқанда, партия елмен бірге жаңаруы керек. Ұйымның қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру үшін қажетті өзгерістер енгізу керек. Сондықтан да партияны елмен бірге жаңартып отыру керек. Осыған байланысты партияның сипаты мен атауын өзгертуді дұрыс деп санаймыз. Қазақстанның билік басындағы партиясы ата-бабаларымызға тағзым ретінде «Аманат» деп аталу керек деп есептейміз. Біз партияның атын «Аманат» деп өзгертуді ұсынып отырмыз, - деді Қошанов.
Еске салайық, өткен жылдың қараша айында саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасы өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын. Ол партияны ел президенті басқаруы керектігін қадап айтты. 28 қаңтарда Тоқаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланды.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық