Тоқаев: мемлекетіміздің тұтастығын сақтай алдық
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің басты міндеттері мен үкіметтің басымдықтары туралы ойымен бөлісті.
«Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары.
Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс. Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес» деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Оның айтуынша, аймақтық сәйкессіздіктерді еңсеруге ерекше назар аударуды қажет етеді.
«Өңірлер арасындағы даму алшақтығын еңсеруге баса мән беру керек. Жұмыспен қамту мәселесін шешіп, еліміздің барлық облысының әлеуметтік және мәдени дамуына жағдай жасау керек. Аймақтарда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады» деп жазды президент.
Сондай-ақ, ол Алматыны қалпына келтіруге қаражат бөлінетінін айтты.
«Жалпыхалықтық «Қазақстан Халқына» қоры азаматтардың нақты проблемаларын шешуге қызмет етеді. Қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмектесіп, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады. Алматыны қалпына келтіруге қаржы бөлінеді» деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ол жаңа Қазақстан табысты әрі өркедеген ел болатынына сенімді.
«Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Азаматтарымыз экстремистермен күресте патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – шынайы жаңарудың кезеңі. Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!» деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық