Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі саммиті кезінде Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-мажар ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды.
Пандемияға қарсы күрес шаралары мен климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер қозғалды. Сонымен қатар олар аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай туралы да сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты қатынастардың дамуын жоғары бағалап, өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
— Қазақстанда Мажарстанды жақсы біледі және оған құрметпен қарайды. Біздің Орталық Еуропадағы алғашқы елшілігіміз Будапешт қаласында ашылды. Ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз ведомстволарымыз бен үкіметтерімізді алға ұмтылуға, оның ішінде экономика бағытында ілгерілеуге, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында ықпалдастық жасауға ынталандыру деп ойлаймын, – деді мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Виктор Орбанекі ел халықтарының тарихи тығыз байланыстарын атап өтті. Кездесу соңында Виктор Орбан Қазақстан президентін келер жылы Мажарстанға сапарлап келуге шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық