Тоқаев Маминға бірқатар тапсырма берді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминды қабылдады.
Бұл туралы Ақорда ресми сайты.
Мамин Тоқаевқа Қазақстанның биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен егіс науқанының аяқталғаны жөнінде есеп берді.
Премьер-министр Қазақстан экономикасының пандемиядан кейінгі қайта қалпына келу сатысына өткені туралы айтты. Биылғы қаңтар-мамыр айларындағы ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,6 пайызды құрады.
Асқар Маминнің айтуынша, дамудың негізгі қозғаушы күші 7,2 пайыздық өсім деңгейін көрсетіп отырған өңдеу өнеркәсібі (машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салаларда қарқынды өсім бар), құрылыс секторы болып отыр.
Экономиканың өндіріспен айналыспайтын салаларында жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Негізгі капиталға құйылған инвестицияның өсімі тау-кен саласын есепке алмағанда 25,5 пайызға жеткен.
Президентке көктемгі егін егу жұмыстарының нәтижесінде егіс алқаптары 78,2 мың гектарға ұлғайып, 22,7 миллион гектарға дейін артқаны жөнінде баяндалды.
Үкімет көктемгі егіс науқанын қаржылық, материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдерді қабылдады. Көктемгі егіс жұмыстарына 128 миллиард теңге қаржы бөлініп, 380 мың тонна жанармай нарықтағы бағадан 14 пайызға төмен сатылған және 405,3 мың тонна тыңайтқыш берілген.
Премьер-министр еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын айтып, Covid-19 індетінің таралуы бойынша Қазақстан «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін жеткізді. Бір апта ішінде індет жұқтыру деңгейі 30 пайызға азайып, коронавирустың таралу индексі 0,84-ке дейін төмендеген. Жұқпалы аурулар бөлімдерінің 24 пайызында, жан сақтау бөлімдерінің 21 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта, Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары «сары» аймақта. Қалған 10 облыс – «жасыл» аймақта.
Қазіргі таңда 2,4 миллион адам екпенің бірінші компонентін алды, 1,3 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынған.
Президент тұрғындарға вакцина салу қарқынын бәсеңдетпеудің және эпидемияға қарсы шараларды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша президент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, құрылыс материалдарының бағасын реттеу, сыртқы және ішкі инвестиция көлемін арттыру, өңдеу секторын дамытып, өсімін қамтамасыз ету арқылы экономиканың құрылымдарын әртараптандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға баса мән беруді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық