Тоқаев Лакшми Митталды жұмысшыларға лайықты жалақы төлеуге шақырды
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті ArcelorMittal компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен бейнебайланыс арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысына компанияның Қазақстанмен одан әрі серіктестік аясында өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару және әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі инвестициялық бағдарламасы мен жоспарлары туралы баяндалды. Сондай-ақ кәсіпорындардағы жабдықтарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, еңбекті қорғау мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы қауіпсіз еңбек ортасын қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтау және қызметкерлерді оқытудың аса маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшылардың лайықты жалақысын қамтамасыз ету қажеттігін де айтты.
Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 2024 жылға қарай атмосфераға шығарындыларды 30 пайызға және 2030 жылға қарай 50 пайызға қысқарту, сондай-ақ осы стратегияны жүзеге асыруға Қарағанды облысының жұртшылығын тарту бойынша қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық