Тоқаев Корея президентінің шақыртуымен Сеулге барады
Фото: Ақорда
16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентінің шақыртуымен Сеулге барады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Берік Уәлидің хабарлауынша, мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ.
«Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.
Қазақстан президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ» делінген жазбада.
Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысатыны туралы да айтылды.
Жаңалықтар
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады