Тоқаев әйелдерді Халықаралық мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Көктемнің бұл тамаша мерекесі сұлулықтың, мейірімділіктің және махаббаттың бейнесіне айналды. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екніші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөзіміздің символдық мәні терең. Қазақстанда әйелдердің өзін-өзі танытуына барлық жағдай жасалған. Олар білім мен денсаулық сақтауда, мәдениет пен спортта, өндірісте және құқық қорғау салаларында сұранысқа ие» делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы Қазақстан әйелдерінің мемлекеттік органдарда және ірі компанияларда басшылық қызметтерді атқарып, бизнесте табысқа жетіп жатқанын атап өтті.
«Өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі ұшан-теңіз. Бұл игі іс шынайы құрметке лайық. Кез келген бизнесте әйелдер кәсібилік пен жауапкершілікті көрсетеді, қай салада болмасын келісімді, татулықты, өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосады. Қазақстан жүйелі және саяси трансформация кезеңіне аяқ басты. Еліміздің әйелдерінің жасампаздық қуаты Жаңа Қазақстанның қуатты қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін!» деп атап өтті Тоқаев.
Соңында Мемлекет басшысы қазақстандық әйелдерге денсаулық, бақыт және бақ-береке тіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық