Тоқаев ІІМ басшысы Ахметжановты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президентке еліміздегі криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарақшылық, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтығы, сондай-ақ бұрын сотталғандардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық салада және топтасып жасаған қылмыстарының саны айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды.
Министр Ахметжанов Тоқаевқа ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.
Президент кәмелетке толмағандарға қатысты және отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.
Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының қызметін бюрократиядан арылту, жұмыс үдерістерін цифрландыру және автоматтандыру, ішкі рәсімдерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысына криминогендік жағдайға мониторинг жасайтын ІІМ Ахуалдық талдау орталығының мүмкіндіктерін кеңейту туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар Президентке Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды анықтауға бағытталған жаңа жүйе жұмысының алдын ала нәтижелері туралы айтылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Осы ретте интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жандандыру қажеттігі атап өтілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық