Тоқаев халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Cурет: ашық дереккөзден
Биыл Қазақстанда Құрбан айт 9-11 шілде күндері өтеді. Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап еліміздің мешіттерінде Айт намазы оқылады.
Бұл күндері мұсылмандар Жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітікке, жағдайы жұтаң жандарға көмектеседі. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр яки түйе шалуға болады. Құранда «ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға, оның ішінде жолаушы еместерге және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болғандарға құрбан шалу – уәжіп» делінген.
Қасиетті күнге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Қымбатты отандастар!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады.
Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады.
Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында.
Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!, - деді Тоқаев.
Құрбандықты «QURBAN2022.kz» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты арқылы да онлайн жасауға болады.
9 шілде – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратып береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық