Тоқаев Германияның жаңа канцлерін құттықтады
Коллаж: Orda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Олаф Шольцті Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Канцлері қызметіне кірісумен шын жүректен құттықтады.
– Бұл тарихи оқиға – халқыңыздың Сізге және Өзіңіз басқарып отырған коалицияға еліңіздің саяси-экономикалық өркендеуін жалғастыруға, сондай-ақ оның халықаралық деңгейдегі ұлттық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға артқан сенімінің айқын дәлелі. Осы тұста Сіздің қажырлы еңбегіңіз Отаныңызды бүгінгіден де биік белестер мен жаңа табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін, – делінген құттықтау хатта.
Тоқаев Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын да жеткізді.
– Қазақ-герман және Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматтарындағы сан қырлы ықпалдастығымыздың мазмұнын одан әрі байыту мақсатында, Сізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын. Орайлы мүмкіндікті пайдаланып, өзара ыңғайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын, – деп жазылған президенттің жеделхатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық