Тоқаев еуропалық компаниялардың жетекшілерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар еуропалық компаниялардың жетекшілерімен кездесті.
Ақорда хабарлағандай, мемлекет басшысы Брюссельде еуропалық бизнес өкілдерімен, атап айтқанда бельгиялық «Joh Cockerill» компаниясының басқарма төрағасы Жан-Люк Моранжбен және немістің «Svevind Group» компаниялар тобының президенті Вольфганг Кроппен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жан-Люк Моранжбен Қазақстандағы теміржол локомотивтері мен жаңартылатын қуат көздерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Вольфганг Кроппен кездесуде Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісі саласындағы Hyrasia One инвестициялық жобасын жүзеге асыру мәселесі сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қолға алынған инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанына жоғары баға беріп, олардың Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізде жұмыс істейтін компаниялардың жобаларының жүзеге асырылу барысын өз бақылауына алатынын айтты. Бұл ретте барлық экологиялық нормативтер мен нұсқаулардың сақталуы қажет екенін жеткізді.
Кездесу соңында мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Үкіметі мен «Svevind Group» компаниялар тобының арасында Жобаларды іске асырудың негізгі қағидаттары туралы шекті келісімге қол қою рәсімі өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық