Тоқаев елорда әкімі мен Роман Склярды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.
Бұл жөнінде ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Президентке әлеуметтік нысандардың құрылысы, газбен қамту ісі, үлескерлік құрылыс нысандарының аяқталуы және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.
«Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй алаптарын дамыту қажет екеніне назар аударды. Жұмыс орындарын ашу және жастарды қолдау мәселесі басым міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.
Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 3 еседен астам артқан. Биыл тағы да 40 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады және кемінде 16 мектеп салынады» делінген ресми сайтта.
Президент елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Жаңалықтар
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
- Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін: Ақы төлеген жолаушыларға ақшасы қайтарылады
- ҚР ІІМ: Жағдай тұрақты, сайлау учаскелері тәулік бойы күзетіледі
- Қазақстан да бар: Сот 75 ел азаматтарына АҚШ визасын беруге салынған тыйымды жойды
- Найзағай ойнап, бұршақ жаңбыр жауады: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы
- «Құрылтай сайлауы LIVE»: Жаңа бірпалаталы Парламентке дауыс беру
- Гандидің 600-ден астам қолжазба хаты аукционда рекордтық бағаға сатылды
- Алматыдағы MEGA сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
- Павлодарда ломбард қызметкері 16 млн болатын жұрттың алтын бұйымдарын казиноға тігіп жіберген
- Ерекше ұрлық: Атырауда жедел жәрдем көлігінде сөйлей алмай жатқан адамның заттарын көзінше алып кеткен
- «Қазатомөнеркәсіп» Қытай мен Ресейге уран сату бойынша екі ірі мәміле жасайды
- Ақтөбеде әлем чемпионы атанған жас балуанға көлік сыйға тартылды